Оралда мүгедектер күткен орталықтың құрылысы тоқтап тұр
Құны сол кезде 100 млн теңгеге бағаланған әлеуметтік бейімдеу үйі демеушілердің қаржысына бой көтеруі тиіс еді. Алайда мүмкіндігі шектеулі жандардың қуанышы ұзаққа созылмады. Төрт қабырғасы қалқайған ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарын тәмамдап, ел игілігіне тапсыруға ешкім асығар емес. Өз кезегінде мүгедек жандар аталған нысанның аяқталуын асыға күтіп жүр.
Гүлмира Батпақұлова, «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
- Осындай адамдар үйде отырып, төрт қабырғадан шыға алмай, өмірді білмей, қоғамға үлесін қоса алмай, зардап шегіп жүр. Осындай қиыншылық бар. Сондықтан орталық салынса, бұл мәселе шешілер еді.
Арман Өксікбаев, Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:
- Ғимарат демеушілердің қаржысына, «Ақжайық» қорының ақшасына салына басталды. Қазіргі кезде мердігер компанияға 62 млн теңге ғана төленді. Нысанның жалпы құны 200 млн теңгенің төңірегінде. Қаржы тапшылығына байланысты бүгінде құрылыс тоқтап тұр. Сол себепті орталық қашан салынып, қашан тапсырылатынын мен айта алмаймын. Бәрі демеушілердің мүмкіндігіне байланысты.