Қарағанды облысында мас күйінде көлік тізгіндейтіндер азаяр емес
Теміртау қаласында Lada автокөлігін басқарған 22 жастағы жүргізуші полицейлердің қолына мас күйінде түскен. Енді ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 8 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда Қарағандыда тағы бір жүргізуші мас күйінде ұсталған болатын. 37 жастағы азамат 2018 жылы сот шешімімен көлікті басқару құқығынан айырылған.
Алмаз Жәкенов, жергілікті Полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:
- Өткен жылы Қарағанды облысы аумағында мас жүргізушілердің кінәсінен 21 жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде 7 адам қаза болып, 24 адам түрлі жарақат алды. Полиция департаменті биылғы жылдан бастап мас күйінде көлік басқарғандарға қатысты заңға өзгертулер енгізілгендігін ескертеді.