ҰБТ: Павлодарда 13 мектеп түлегіне қатысты актілер толтырылды
Сынақ басталмас бұрын тексеріс жұмыстары бұрынғыдай аудиториясында емес, оқу орнының кіреберісінде жүргізілді. Тәртіп өзгерген. Дегенмен бірінші күні рұқсат етілмеген құралдарға сенген 13 балаға қатысты шара қолданылды. Мамандар актілер толтырып, түлектерді сынақтан шеттетті. Жалпы екі күнге созылатын шараның алғашқы легінде білімдерін сынауға 2600-ден астам мектеп түлегі ниет білдірген.
Қобланбек Қожин, арнайы мониторингтік топ жетекшісі:
- Смартфон, құлаққа тағатын басқа да құралдарды кіреберісте тастап кету керек. 2019 жылдың тамыз айында абитуриенттердің тестілеуінде арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты. Онда 100-ден аса түлек аудиториядан шығарылған. 500-ден астам түрлі құрал анықталған болатын.
Алма Ешкеева, ҚР БҒМ Білім беруді бақылау жөніндегі бас маманы:
- Тестілеу шаралары штатты режимде өтіп жатыр. Түлектерді кіргізу, оларды аудиторияға кіргізу, тексеру барысында ешқандай олқылықтар болған жоқ. Ата-аналар мен оқушыларға айтарымыз, жаңа талаптар бойынша рұқсат етілмеген заттарды алмауға кеңес береміз. Тек өз білімдеріне сенгені дұрыс. Тәртіп қатаң.