Елордада «Медициналық пойыз» жобасының 15 үздік маманы марапатталды
238 жоғары білікті дәрігер 67 мыңнан астам адамға емдеу-консультациялық қызмет көрсетті. Оның ішінде 11 мыңнан астамы – балалар. Жалпы өткен жылы бұл жоба 124 бекет қамтылып, 42 306 тұрғынға медициналық көмек көрсеткен еді.
Дана Нұржанқызы, бас медбике:
- Біз Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау мен Маңғыстау өңірлерін аралап өттік. Бұл жобаның жүзеге асырылып келе жатқанына 10 жыл болды. Мен бұл сапарға бірінші жыл шығып отырмын. Біздің еңбегімізді елеп, диплом беріп жатқандарыңызға алғысымызды айтқымыз келеді.