«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жолға шықты
Тасқын болған аймақтағы тұрғындарға тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге 28 маман вагондармен жолға шықты.
Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысынан бастайды. Одан әрі шалғайдағы 140 бекетті желтоқсан айының соңына дейін аралайды. Тұрғындар түрлі анализ тапсырып, шағын хирургиялық операция жасатып, тістерін сапалы емдете алады. Емнің барлығы дәрігерлер отыратын вагондарда жасалады. Биылғы көшке педиатр, маммолог, кардиолог, терапевт мамандары қосылған. Одан бөлек заңгер, психолог, медиаторлар да тегін қызмет көрсетеді. Тіпті мамандар бекеттерге келе алмағандардың үйіне барып, медициналық көмек көрсететін болады.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
- Осы жылы жаңа құрал-жабдық алынған болатын. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша млрд теңге бөлінген енді қызметтерді көрсету үшін. Дәрігерлік, мейірбикелеріміздің жалақылары бар. Дәрі-дәрмектерді сатып алу, жаңағы қажетті қызметтердің клиникалық диагностикалық қызметтерді қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау жүйесінен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан млрд теңге ақша бөлінген.