Д.Назарбаева: Сенат жанынан Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі кеңес құрылады
Парламенттік тыңдауға дайындық аясында өткен жиынға ғылыми-ағарту орталықтары мен аграрлық университет басшылары және Сенат депутаттары қатысып, саладағы өзекті мәселелерді талқылап, олардың шешу жолдарын ұсынды. Проблеманың бірі – ауылшаруашылық саласына инвестиция тарту.
Өкінішке қарай, бос жердің кепілдендірілген мемлекеттік қолдауы жоқтығынан қаржы құятын адам болмайды. Себебі заманауи технологиялар жетіспейді. Сенат спикерінің айтуынша, осы олқылықтардың алдын алу үшін агроғылымды дамыту керек.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Біздің ғалымдардың білмейтіні жоқ. Олар жердің астында, үстінде, тіпті ауаның құрамында не бар екенін жақсы біледі. Өкінішке қарай, осы ғалымдармен мемлекеттік ведомстволар бірлесіп жұмыс жасай алмайды. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз – кез келген мәселенің тереңіне үңілмей жұмыс істеу. Сондықтан біздің ғалымдардың қызметіне сұраныс жоқ. Бұдан былай өз-өзімізді алдауды доғарып, отандық оқымыстылар мен қызметкерлерге сенім білдіруіміз керек.