Ақмола облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды
Төртеуі – бала. Ал Жақсы ауданында ауруханаға бара жатқан науқас әйел мінген көлік Моховое ауылы тұсында қарға батып қалған. Оларды құтқарушылар аудан орталығына жеткізді. Ал Щучинск қаласының тұсында 17 жолаушы жол ашылғанша жылыту бекетін паналады. Ауа райын болжаушылар: «Қолайсыз күн райы аймақта әлі бір-екі күн сақталады», – дейді.
Даниель Жұмажанов, «Қазгидромет» АҚ облыстық филиалы бөлімінің жетекшісі:
- Ақмола облысында күндіз және түнде желдің күшеюі облыс бойынша көп жерде сақталады. Екпіні 23-28 метр секундқа дейін. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болады.