Петропавлда мемлекеттік сатып алуға қатысты 104 заңбұзушылық анықталды
Өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мамандары 104 қылмыс анықтады. Оның 11-і мемлекеттік сатып алуға қатысты. Былықтың көбі білім беру саласында болған. Мысалы, білім ошақтарының бірін жөндеуге 1,9 млн теңге жұмсалса, кәсіпкер оны 1 млн теңгеге ұтып алған. Кейін сол фирмамен қосымша келісім жасалып, сома бірнеше есе өскен. Осы 11 дерек бойынша мемлекетке келтірілген шығын жарты млрд теңгеден асқан.
Ернар Баянғазин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департамент басшысы:
- Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттер өте көп. Себебі бұл бағытқа бөлінетін қаржы да уақыт өткен сайын еселеп артуда. Сондықтан алдағы уақытта осындай заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін біздің мамандар алдын алу жұмыстарымен айналысуда.