Хабар телеарнасы

Су тасқыны: Петропавлда 129 мың текше метр су сорылды. Өңір жаңалықтары

Петропавл қаласында су басқан үйдің аулаларынан 129 мың текше метр су сорылды. Атырау облысының Құлсары қаласы мен Индер ауданында 85, ал Батыс Қазақстан облысында 309 мыңа текше метр су шығарылған.

Ақтөбе облысында 1 мың 300 қапшық пен 110 тонна инертті материал төселіпті. Республика бойынша 61 мыңнан астам адам үйіне оралды. 5 мың 400-і әлі уақытша орналастыру бекеттерінде тұрып жатыр.

Аймақтардағы құтқару жұмыстарына 4 мыңнан астам адам, 662 техника, 244 су сору құралы, 54 жүзу құралы және 4 авиатехника жұмылдырылды.