Хабар телеарнасы

Петропавлда апатты үйлер сүріліп жатыр

Мәжілісте қаралған жаңа заң қабылданған жағдайда азаматтар апатты үйлердің орнына берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік алады. Бұл аймақтардағы мыңдаған тұрғынның мәселесін оңтайлы шешуге сеп болмақ. Қазір Петропавлда апатты деп танылған үйлер сүріліп жатыр. Техникалық тексерістен кейін қала бойынша 1600-ге жуық баспана апатты деп танылды. Оның орнына тұрғындарға екінші нарықтан пәтер немесе жаңа жер үй беріледі. «Бірлік» шағын ауданында 700 үй салынып жатыр. Бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қоры мен еліміздің ірі компаниялары қаржы бөлді. 

Әсем Айтұлова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
-Үйлерді сүру бойынша жұмыстар басталды. Яғни орнына пәтер алған немесе үй алған тұрғындардың үйлері қазіргі таңда сүріліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін бізде 60-қа жақын үй сүрілді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.