Әзербайжан Қазақстан халқына қолдау білдірді

  • 6
  • 24.09.2026, 18:57

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Әзербайжан тарапы Қазақстан халқына көңіл айтты. Бауырлас елдің сыртқы істер министрлігі Х әлеуметтік желісінде арнайы жазба жариялап, қайғылы қазаны терең өкінішпен қабылдағанын жазған. 

«Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығулары кезінде адам қазасына әкелген қайғылы жағдайға байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына және Үкіметіне қайғылы қазаға байланысты көңіл айтамыз. Марқұмдардың рухына тыныштық, отбасыларына күш-қуат пен сабыр берсін. Із-түзсіз жоғалған әскери қызметшілердің аман-есен табылуына үміттенеміз және жарақат алған әскери қызметшіге тезірек сауығып кетуін тілейміз».

Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде «Хазар қорғаны - 2026» әскери оқу-жаттығуы басталған. Оған 500-ден астам әскери қызметші қатысқан. Әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін шыңдап, түрлі күштік құрылымдардың бірлескен іс-қимылын пысықтау мақсатында өткізілген. Әскери жаттығуға Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, бірінші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков жетекшілік еткен.