Бас прокуратура Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы құрылды. Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.