Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері, Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметшіні теңіз алып кеткен. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олардың 9-ы қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Біреуі ауруханаға жеткізілді. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтатынын жеткізді. Қаза болғандардың отбасыларына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетіледі.