Маңғыстау облысында 3 ауысыммен білім беретін мектеп саны 9-ға жетті
Екі жыл бұрын олардың саны алтау болатын. Бұл көрсеткіш биыл да өседі. «Бұған себеп: атамекеніне оралған қандастарымыздың саны мен табиғи бала туудың жыл санап артуы», – дейді Білім басқармасының басшылығы.
Үш ауысымды мектептерді азайту үшін осы жылы Түпқараған ауданының Ақшұқыр елді мекенінде, Мұнайлы ауданындағы Батыр селосы мен Ақтаудың 34-шағынауданында үш жаңа мектеп қолданысқа берілмеді. Жыл аяғына дейін тағы 6 білім ордасының құрылысы басталады. Бұл жобалар жеке кәсіпкер қаражатына салынады.
Асқар Сейдалиев, облыстық Білім басқармасының басшысы:
- Үш ауысымды мектептер проблемасы қазіргі таңда өзекті болып тұр. Біз статистикаға сараптама жасағанбыз. Алдағы 5 жылда, яғни 2024 жылға дейін облыста балалардың саны 72 мыңға артады екен. Жыл сайын 5000-6000 бала мектеп бітіретін болса, жыл сайын 1-сыныпқа келушілердің саны 19 мыңның үстінде. Осыған байланысты 320 орындық Ақтау қаласындағы екі мектептің жанынан екі қосымша ашылды. Сонымен қатар жоспарымыз бойынша 3 мектеп құрылысын осы жылы аяқтаймыз.