Президенттік кадр резервіне енген жастарға сенім мол
Сөйтіп жастарға білім арқылы жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру керек. Бұл олардың сенімділігін арттырады. Президенттік жастар кадр резервіне алынған Индира Рыстина осылай дейді. Қазір ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде саясаттану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Оған қоса Абай мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау жобасымен айналысады.
Индира Рыстина, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі:
- Мүмкіндіктер туып жатыр. Жұмыс орындарын ұсынып жатыр. Соның қатарында бірнеше жұмыс ұсынды. Бірақ өзім «ЕҰУ-де қаламын» деген шешімге келдім. Өздері қабылдап, жаңа лауазым ұсынды. Саясаттану кафедрасының лауазымымен қоса ректордың кеңесшісі ретінде тағайындалдым. Осыған орай академиялық мәселелер мәселелерді маған тапсырып жатыр.