Хабар телеарнасы

Қазақстанда тағы 8 шетелдік ЖОО филиалы ашылады

Енді абитуренттер елімізде оқып, шетелдік диплом ала алады. Қазақстанда биыл 8 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылмақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі хабарлады.

Саясат Нұрбектің сөзінше, жуырда Астанада британдық Coventry университетінің кампусы ашылады. Оған 8 гектар жер бөлініп, әкімдік қолдау білдіріпті. Оқу ордасы 16 қыркүйектен бастап жұмысқа кіріседі. Ал Түркістан қаласында корейлік Вусонг университетінің кампусы ашылады. Бұл білім ордаларын тәмамдаған түлектер шетелдік диплом алғандықтан, болашақта аталған елдерде бейқам жұмыс істей алады.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- 3 шетелдік мықты университеттердің капустары ашылады. Шетелдік университет Қазақстанға келіп, өз инвестициясымен ақшасын құйып, ғимаратын салып, немесе сатып алып, британдық форматпен немесе шетелдік форматпен оқытуды бастауға біз рұқсат беруді бастадық.