Қарағанды облысында сот 3 жасар баланы өлтірген күдіктіге үкім шығарды
Мұндай жазаны мемлекеттік айыптаушы мен қаза болған баланың анасы сұраған болатын. Сот отырыстары алқабилердің қатысуымен өтті. Сондай-ақ сотталушы баланың анасына 5 млн теңге өтемақы төлейді. Шығарылған сот үкімі заңды күшіне 15 күнде енеді. Өткен жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Бұрма ауылында жан түршігерлік оқиға болған еді. Бұған дейін де кісі қанын арқалап істі болған күдікті тапа-тал түсте ауыл ішінде 3 жасар сәбиді анасының қолынан тартып әкетіп, өлтірген болатын.
Бекзат Шалғымбаев, мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судья-үйлестірушісі:
- Сот отырысы ашық түрде өтті. Сопыжановтың әрекеттерін барлығы көрді.
Ника Васильева, жәбірленуші:
- Өмір бойы бас бостандығынан айыру – әділ жаза. Біз ату жазасын сұрайын дегенбіз, бірақ бұл жазамен оңай құтылып кететінін ойладық.