Дәкебаевты қандай жаза күтіп тұр?
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске салсақ, Дәкебаев «27-і қаңтар күні жедел жәрдем жүргізушісін «жол бермедің» деп ұрып тастаған болатын. Дөрекі қылығымен елді шулатқан азаматты облыс полицейлері 5 күн бойы іздеді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына отыр. Қамауға алынғанға дейін елден кешірім сұрап, видеоүндеу жариялап үлгерген.
Нұрболат Дәкебаев, күдікті:
- Өзім барып берілмекшімін. Оның себебі істеген қиянатым күн бермей жатыр өзіме де, уайымдап жатырмын. Бәрінен кешірім сұраймын. Және ақхалаттылардан кешірім сұраймын. Менің зиян тигізетін ойым болған жоқ.
Әбіл Әбілдин, облыстық ПД бастығының орынбасары:
- Күдікті жедел іздестіру шаралары нәтижесінде облыстан 200 шақырым қашықтықтағы қыстақтың бірінен ұсталды. Қазір ол уақытша қамауға алынды. Қылмыстық іс тергеу департамент басшылығының назарында болады.