Хабар телеарнасы

Қарағандыда 13 компанияға айыппұл салынды. Өңір жаңалықтары

Қарағанды облысында үлескерлердің қаржысын үй құрылысына заңсыз пайдаланған 13 компанияға айыппұл салынды. Олар рұқсат құжаттары болмаса да көпқабатты үй салумен айналысқан. Сот шешімімен әрбір компания бір миллион теңгеден астам айыппұл төлейді. Бұдан былай баспананы заңсыз салып жатқан компаниялардың тізімі әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланады.

Шымкентте бірқатар лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Шымкентте бірқатар лауазымды тұлға мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. 7 азаматқа 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ міндеттерін талапқа сай орындамаған 30 жеткізуші қара тізімге енгізілді. Енді олар мемлекеттік сатып алу процесіне қатыса алмайды.

 

Қызылорда облысында 300-дей азамат алимент төлеуден жалтарып жүр

Олардың қарызы 130 млн теңгеге жеткен. Бүгін сот орындаушылар мен жол сақшылары қала көшелерінде тексеріс жүргізіп, 2 борышкерді анықтады. Хаттама толтырылып, көліктері айып алаңына жіберілді. Тәркіленген мүлік аукцион арқылы саудаланып, қаржысы балаларына беріледі. Жалпы бұл өңірде алимент төлеушілер саны 10 мыңнан асқан.