Қар құрсауында қалған 114 көлік елордаға жетті
Бүгін түсте 140 адам көлігімен бірге астанаға жетті. 98 жүк көлігі мен 16 жеңіл машинаны алып шығуға полицейлер, төтенше жағдай және жол тазалау мекемесінің қызметкерлері көмектесті. Жүргізушілердің айтуынша, олар 4 күн бұрын Павлодар облысынан жолға шығып, Шідерті маңында қар құрсауында қалып қойыпты. «Ештен кеш жақсы! Кеше арнайы техникамен жабдықталған мамандар жолда қалған жандарды көлігімен Ерейментауға жеткізіп, уақытша бекеттерге орналастырды. Бүгін көлік керуені мамандардың көмегімен елордаға келді.
Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:
- Ауа райының бұзылуына байланысты Павлодар бағытына қарай көлік қозғалысына шектеу қойылған. 100-ден аса автомобильді қар құрсауынан шығардық. Адамдарға жылыну орындары жасақталды. Дизельді отын мәселесін де шештік. Қажетті азық-түлік те бар. Түнде жүргізушілерге Нұр-Сұлтанға қарай кері қайту мүмкіндігі туған еді. Бірақ олар келіспеді. Павлодар бағытындағы жолдар ертең ашылады.
Әлімжан Бейсебай, «ҚазАвтоЖол» ЖШС қызметкері:
- Бүгінгі күнде әлі де жол жабық. Тек қана сырт жақтағы жол ғана емес, қаланың ішінде де жолды тазарту өте қиын. Жолдың бір жағын ғана тазалауға мүмкіндік болды. Қар қалың, техникалар барынша жұмыс істеп жатыр. Биылғы жылы қар көп жауған. Мөлшерден тым асыра жауғандықтан, жолды ашу қиынға соқты.