Хабар телеарнасы

Коронавирус поштадан келетін заттардан жұқпайды

Вирус жануарларда өміршең болғанымен, заттарда ұзақ сақталмайды. Сондай-ақ интернет арқылы тапсырыс берген затыңыз неғұрлым ұзақ уақыт жүрсе, соғұрлым жақсы. Ғаламтор арқылы сауда жасайтын компания өкілдері: «Қытайдан жіберілген сәлемдемелер мүлдем қауіпсіз», – дейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да Қытаймен саудаға ешқандай шектеулер енгізген жоқ. Алайда бұл елден келген азық-түлік пен тағамдарды тұтынуға болмайды. Қытай поштасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Уханьнан және жергілікті тапсырыс беру орталықтарынан жіберілетін жөнелтілімдерді міндетті түрде дезинфекциялайтынын айтты.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитарлық дәрігері:

- Бұл вирус жануарлардың ішінде, ағзасында сақталып жүреді және де көбейеді, өмір сүреді деп айтуға болады. Яғни сыртқы қоршаған ортада бұл вирус тұра алмайды. Ол тез жойылады. Сондықтан мұндай қорқыныш жоқ.