ҚР Үкіметі қауіпті вируспен күреске 1,5 млрд теңге бөлді
Бүгін бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Қазақстан коронавирустан қорғанысты күшейтіп, Үкімет резервінен қосымша 1,5 млрд теңге бөлді. Бұл жайында Премьер-министрдің орынбасары, Үкімет жанынан құрылған арнайы комиссияның жетекшісі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қаржыға қосымша құралдар, маскалар, тағы да керек заттар сатып алынбақ.
Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
- Оның үстіне өзіміздің қорымыз да, жергілікті жерлерде берілетін көмек бар. Яғни көмекті немесе медициналық қолдауды қажет ететін азаматтар болса, оған біздің қаржымыз да, мүмкіндігіміз де бар.