Халық көп шоғырланатын орындарда маска тағу режимі енгізілді
Бас санитарлық дәрігер профилактикалық шараларды күшейту мақсатында арнайы қаулыға қол қойды. Елімізде қаңтардың соңғы аптасында коронавирус жұқтырғандар саны 144 адамға жеткен. Олардың басым көпшілігі Алматы мен Астана қалаларында. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Республика бойынша респираторлық вирустық инфекцияның таралуы да алаңдатып отыр.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:
-Бетперде тағу міндетті емес. Біз тек сақтық шараларын ұстанған абзал дейміз. Коронавирус инфекциясы бойынша қаңтар мен желтоқсан айын салыстырсақ, сырқаттанушылардың өсімі 2,5 есеге өскені байқалады. Жіті респираторлық вирустық инфекциялардың өсімі де соңғы екі аптада 70% құрап отыр. Егер бойыңыздан тұмау белгілерін байқасаңыз, бірден дәрігерге көріну қажет.