БҚО-да тұрмыстық қатты қалдықтардың 3,3% ғана қайта өңделеді
Соның бірі: Шалқар көліне су жеткізу, одан әрі Шалқар-Азынабай-Тайпақ арнасын жаңғырту. Осы арқылы Жайықтың сол жағалауындағы 300 мың гектар жерді игеруге мүмкіндік пайда болмақ. Сондай-ақ соңғы жылдары Киров-Шежін каналы аршылып, Жайықтың суы Қараөзенге жеткені белгілі. Алайда су түспеуіне байланысты дарияның деңгейі төмендегенде аталған жобаның тиімділігі де азаяды. Осыған байланысты енді Көшім ауылының тұсынан Жайық өзеніне сусорғы стансасы орнатылмақ. Қажетті жоба-сметалық құжаттар жасауға жыл басында қазынадан 60 млн теңге бөлінді.
Ринат Шауенов, БҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
- Барлық құжаттама жасалып жатыр. Осы жартыжылдықта сараптамасы шығарылады. Құны бұл 1 млрд 200 мың-1 млрд 700 мың теңгеге дейінгі аралықта болуы мүмкін.