Алматы облысында 35 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі
Ол үшін ескірген жер суландыру желілері қайта жөнделеді. Ал биыл 5 мың гектар алқапты суландыру жоспарланып отыр. Мұндай жұмыстар Ақсу, Көксу, Алакөл және Ескелді аудандарында жүргізіледі. Сонымен қатар Балқаш ауданында да бұрынғы күріш алқаптарын ауыл шаруашылығы айналымына қосу жобасы жүзеге аса бастады.
Смайыл Күметов, «ҚазСуШар» РМК Алматы облыстық филиалының директоры:
- Бағдарлама бойынша 2019 жылы Балқаш ауданында 2481 гектар жерді коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдаған болатынбыз. Сол ауданда дренажды-корректорлы каналдарды тазалау бойынша жұмыстар басталды. 2021 жылдың аяғында жұмыстың барлығы аяқталады деп жоспарлануда. Қабылдайтын жер – 7481 гектар.