«Вирустық инфекцияны емдеу үшін бактерияға қарсы препараттар қолданылмайтынын еске саламын. Бекітілген емдеу хаттамасында бактерияға қарсы терапия пневмонияны тудыратын бактериялық инфекцияның қосылуына байланысты стационарларда жатқан науқастарға ғана қолданылады», - деді Л.Бюрабекова ОКҚ-да өткен брифингте.