Белгілі актер Дархан Дайырбек көз жұмды

Бұл туралы Нұртас Адамбай өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Дархан аға көңілді әрі мейірімді жан болатын. Жадымызда осындай жан ретінде қалады. Дәке, сомдаған рөлдеріңіз үшін, жұмысыңызға, адамдарға деген қарым-қатынасыңыз үшін үлкен алғыс! Иманды болыңыз», – деп жазды Нұртас.
Дархан Дайырбек 1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. Содан соң Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген. Сондай-ақ көрерменге «Әкім», «Құдалар» секілді фильмдер арқылы да танымал.