Қасым-Жомарт Тоқаев: Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді

«Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр», – деді Президент.
Сонымен бірге келесі жазбасында осы ойын толықтырып: «Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз», – деп түйіндеді.