Павлодар облысында 40-тан астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған

  • 684
  • 27.02.2023, 18:02

Сүт өнімдерін өндіру, көкөніс қоймаларын салу және суармалы жерлерді игеруге 48 млрд теңге қарастырылған. Ал өңірдегі ірі құс фабрикасы қайта іске қосу үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Басты мақсат – ішкі нарықты жергілікті өніммен қамту. Жоба мақұлданса, мемлекет тарапынан қолдау да көрсетілмек. Айта кетейік, Павлодардың іргесіндегі құс фабрикасы 9 жыл бұрын ашылып, кейін  жабылып қалған. 

Серік Батырғожинов, облыс әкімінің орынбасары:
- Бір айдың ішінде 3 инвестормен кездестік. Бірінші талап – екі құс фабрикасын сатып алу. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның екеуі шетелдік инвесторлар, олардың Қазақстан заңына сәйкес құжаттары болса деген мәселе бар.