Алматыда «Үйде сөйле» халықтық жобасы басталды

  • 1295
  • 05.04.2023, 18:17

Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары қазақ тілін үйренгісі келетіндерге алысқа бармай-ақ, үйдің маңында қазақша сөйлеуге мүмкіндік жасағысы келген. Жиынға қатысқан белсенділер мұндай жобаларды тек Алматыда емес, барлық өңірлерде жүзеге асыру керек дегенді айтты.