Маңғыстауға мемлекеттің материалдық резервінен гуманитарлық көмек жеткізілді

  • 1343
  • 18.04.2024, 19:15

Маңғыстауға Атырау облысынан көшірілген тұрғындарға 14 вагон кереует пен төсек жабдықтары жеткізілді. Бұл ел Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша мемлекеттің материалдық резервінен бөлінген көмек. Сондай-ақ Ақтаудағы өндіріс-логистика орталығы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Бұған дейін Атырау-Ақтау арасындағы тас жол жабылған күндері тауарлар теміржол арқылы тасымалданған. Азық-түлік бағасының негізсіз өсуін болдырмау үшін жергілікті сауда нүктелерінде бақылау күшейтілген. Қазір эвакуация орталықтарында 1600-ге жуық адам тұрып жатыр. 

Пікір Сансызбаев, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары:
-Қазіргі таңда мемлекеттік материалдық қорынан 240 тонна азық-түлік тауарлары келді. Оның ішінде 180 тонна бірінші сортты ұн өнімдері, 4 тонна макарон мен 12 тонна қарақұмық жармасы және өзге де тауарлар. Бұл тауарлар эвакуациялық пункттерге қабылданған, өзге облыстардан келген адамдарға арналған.