Елордада балабақша, мектеп пен емханаларға жылу беріле бастады. Бүгін орталықтандырылған жылуға 139 әлеуметтік нысан қосылған. Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру тәртібі күн райына байланысты бекітілген. Орташа тәуліктік температура 5 күн қатарынан плюс 10 градус және одан төмен болғанда жылыту маусымы басталады. Ал Қазгидромет елімізде алдағы күндері ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендейтінін ескертті.
Жарас Болатбек, қалалық энергетика басқармасы жылумен жабдықтау бөлімінің бас маманы:
-Биылғы жылы біз 26 қыркүйек күні осы Астана қаласындағы жылыту маусымын бастау жоспарланып отыр. Астана қаласындағы жылу желілерін 10 шақырымға дейін жөнделіп, жаңасы салынған болатын.