Сотталған әйелдерге рақымшылық жариялауға қатысты талаптар ұсынылды

  • 344
  • 29.01.2025, 19:36

«Ауыл» партиясының депутаттары Қазақстандағы сотталған әйелдерге рахымшылық жасауды сұрайды.

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Ішкі істер министріне осындай ұсыныс жасады. Айтуынша, мұндай тәжірибе көрші елдерде бар. Мәселен, Қырғызстанда әйелдерге 1996 жылдан бері 3 рет амнистия жасалған. Ал Өзбекстанда 2013 жылы әйелдер мен кәмелетке толмағандар абақтыдан босатылыпты.

Елімізде қазір 2 300-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр. Олардың жартысы аналар болса, оның 250-і көпбалалы ана. Ал бір жарым мың бала ана мейірімінсіз өсіп жатыр, - дейді депутат.

Қарақат Әбден, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сотталған әйелдерге амнистияны қолдану үшін келесі критерилер ұсынылады: зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысы үшін сотталған әйелдер, жүкті әйелдер мен кішкентай баласы бар әйелдер, көпбалалы әйелдер, алғаш сотталған әйелдер, жасы ұлғайған 60-тан асқан әйелдер. Ал ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс жасап, зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыс жасап, сол үшін сотталған, қоғамға қауіп төндіретін әйелдерге амнистия жасалмайды.