Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Грузия Премьер-министрі еліміздің темір жол саласындағы цифрлық шешімдерімен танысты

  • 1303
  • 06.02.2025, 19:05

Олжас Бектенов бүгін Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен бірге «Қазақстан темір жолы» кеңсесінде болды. Қазір сала жұмысын жетілдіру үшін мұнда ақылды жүйелер кеңінен қолданылуда. Бұл инновациялық шешімдер рәсімдерді жеңілдетіп, жүк тасымалдау уақытын қысқартқан. Екі ел транзиттік ағынды ұлғайтып, экономикасын жандандыру бойынша серіктестік орнатқан. Былтыр Қазақстан мен Грузия арасындағы жүк тасымалдау көлемі 4,7 млн тоннаны құрады. Тараптар қолда бар көлік-логистикалық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы осы көрсеткішті арттыруға ниетті.