Хабар телеарнасы

Talgo пойыздарының барлығы бейнебақылау жүйесімен жабдықталды

Қазақстандағы Talgo пойыздарының барлығы бейнебақылау жүйесімен жабдықталды. Тасымалдаушының мәліметінше, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін вагондарға бас-аяғы 1 мың 350 камера орнатылған. Олар вагондағы барлық жерді күндіз-түні түсіріп тұрады. «Аталған шара құқықбұзушылықтардың алдын алумен қатар билетсіз жолаушыларды да анықтауға сеп болады»,– дейді, компанияның баспасөз қызметі. Ал бейнежазбаны Ұлттық тасымалдаушының ситуациялық орталығындағы уәкілетті мамандар ғана көре алады. Алдағы уақытта мұндай бейнебақылау камералары барлық стандартты вагондарға да орнатылмақ.