Хабар телеарнасы

Қосымша құн салығын саралау қаншалықты маңызды?

Біз әлеуметтік мемлекетпіз. Бюджет қаражатының дені осы салаға жұмсалады. Сондықтан қосымша құн салығын арттырмаса, бюджет тапшылығын сезінеміз. Ол дегеніміз әлеуметтік көмек азаяды. «Ал бүгінгі ұсынылған қосымша құн салығын саралау мәселесі - өзекті»,– дейді Сенат депутаттары.

Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Шынына келсек, бұл Денсаулық сақтау саласына, ауыл шаруашылығы саласына дифференциалды түрде азайтатын болса, ол саладағы әртүрлі тауарлардың бағамын ұстап тұруға жағдайымыз келеді. Сол саланы толығымен қамтуға мұрша береді. Ал кейбір салаларда темекі, зиянды нәрселерді қолдануға құн салығын көбейту қосымша әлеуметтік мәселелерді шешуге мұрсат беруші еді.