Семейде 12 көшенің атауы өзгереді
Семейдегі көшелердің біріне Құнанбай Өскенбайұлының аты берілетін болды. Яғни Абайдай ұл өсірген Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегі ұмытылмақ емес. Жалпы қаладағы 12 көшенің атауы өзгереді. Идеологиялық тұрғыда ескірген және мән-мағынасы жоқ көшелерге Алаш қайраткерлері мен еліміздің дамуына үлес қосқан тұлғалардың есімі берілмек. Арнайы комиссия өкілдері қысқа көшелерді жер-су аттарымен атауды ұсынып отыр.
Әсел Абылқасымова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары:
-Селевин көшесін Құнанбай көшесі деп қайта атау. Минжинский көшесін Әнуарбек Байжамбаев көшесі деп, Первомайская көшесін Дулат Бабатайұлы көшесі, Пархоменко көшесін Сағадат Нұрмағамбетов көшесі және басқа да дәстүрлі жер су атаулары тізімінен алынған атаулар басқа да көшелерге қарастырылатын болады.