Оңтүстікте бәйшешек гүлдеді
Оңтүстікте бәйшешек гүлдеді. Бұл өсімдік көгілдір көйлегін киген көктемнің алдын ала елге сүйінші сұрап жіберетін хабаршысы сыңайлы. Күн көзінен сөгілген көбік қарды тесіп шығады. Мына видео Бәйдібек ауданындағы Боралдай және Қостұра тауларының етегінде түсірілген. Синоптиктердің болжамынша, аймақта алдағы күндері өткінші жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Бірақ одан кейін күн жылиды. Жалпы өңірдегі Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұр, Төлеби аудандарында бәйшешек ақпанның басынан бастап гүлдейді.
Нұрила Жауынбайқызы, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бөлім меңгерушісі:
-Бәйшешектер қазіргі таңда ақпан айының басында гүлдеп жатыр. Бұл оңтүстік өңірі үшін өте қалыпты жағдай. Себебі ауа райының түнгі уақыттарда салқын болуына байланысты. Негізі бәйшешектер қаңтар айының басы мен ортасында гүлдейді.