Хабар телеарнасы

Түркістан облысында қырыққабат егу науқаны басталды

Оңтүстік жұртты көктемгі дала жұмыстарына кірісті. Жетісай ауданының шаруалары ерте пісетін қырыққабат көшетін егіп жатыр. Өйткені диқандар ерте піскен өнімнің саудасы да жақсы болатынын айтады. Өткен жылы аудан шаруалары 1300 гектарға қырыққабат көшетін егіп, одан 39 мың тоннаға жуық өнім алған. Ал биыл 1356 гектар жерге қырыққабат дақылы егіледі деп жоспарланып отыр. Шаруалар 10 жылдан бері ағын суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суғару әдісін қолданылып келеді. 

Руслан Құдайқұлов, шаруа:

-10-15 жылдан бері тек қырыққабат егумен айналысамын. Биыл да сол жоба егіп жатырмыз. 50-60 адам келіп, егіп беріп жатыр. Мысалы, алдын арықпен еккенде тонналап, селитра беретін едік. Гектарына 1-1,5 тонна беретін едік. Қазір 200-300 келі селитрамен піседі.

Қанат Тілеуов, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің әкімі:

-Бұл алқапқа қырыққабаттың екі түрі егілуде, 60-80 күн арасында пісетін өнім түрлері. Бізде бұны шаруа қожалықтарымен осы бастан келісім жұмыстарын жүргізіп отырмыз алдын көрші Ресей елімен және Қазақстанның өзгеде облыстарымен сатып алушы іздеуде.