«Әкімдер мектебі» жобасы жұмысын бастады
AMANAT партиясында Үкіметтің өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсесінің сараптамалық орталығы ашылды. Ол «Әкімдер мектебі» жобасын жүзеге асырумен, басқару үрдістерін цифрландыруға көмектесумен айналысады. Оның аясында 2 мың 400-ден астам аудандық және ауылдық округ әкімдері қамтылады. Оқу курсымен қатар, елді мекендердің экономикалық даму бағдарламасын әзірлеу және оларды тәжірибеде қолдану әдістері үйретіледі. Сондай-ақ басшылар өз ауылдарында өнім өндіруден бастап, оны сертификаттау және сатуға дейінгі тікелей тізбекті құруды үйренеді. Жобаны іске асыру – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Мәжіліс спикері, AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ауылды жан-жақты дамыту Президент саясатының басым бағыты екенін атап өтті.