Қазақстанда Тәжікстанмен бірлескен кәсіпорын ашылады
Қазақстанда Тәжікстанмен бірлескен кәсіпорын ашылады. Ол күнбағысты терең өңдеумен айналысады. Мұны бүгін Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин әріптесі Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесуде айтты. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударды. Өткен жылы өзара сауда көлемі 7,4% өсіп, 1 млрд доллардан асқан. Оның жартысына жуығы ауыл шаруашылығы өнімі. Мәдени-гуманитарлық байланыс та тығыз. Душанбеде Абайдың бюсі, ал Астанада ибн Сина мен Рудаки ескерткіштері орнатылды. Қазір Қазақстанда 53 мыңнан астам тәжік, ал Тәжікстанда 2 мыңға жуық қазақ тұрып жатыр.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі:
-Астана мен Душанбе арасында былтыр қайта жандануы ол да бір белес. Осының арқасында халқымыздың жақындасуына, экономикалық кооперациямыздың өрістей түсуіне жақсы жағдай жасалып отыр.