ТМД елдері жемқорлықпен бірлесе күреседі
Жемқорлықпен бірлесе күресетін болдық. Бүгін Мәжілісте ТМД елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ынтымақтастығы туралы келісім орнады. Одан бөлек, депутаттар Голан жотасындағы бітімгерлік миссиямен жүрген әскерилерге қатысты заң жобасын тыңдап, қабылдады. Құжатта Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы халықаралық шарттарды ратификациялау қамтылған. Голан биіктігіндегі миссияның мақсаты - Израиль мен Сирия арасындағы татулықты қолдау, сондай-ақ Израиль мен Сирия әскерлерінің бөлінуін бақылау мен қадағалау. Ал осы миссияға қатысқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы елімізге жылына шамамен 5 млн доллар төлейді. Заң жобалары Сенатқа жіберілді.
Шайх-Хасан Жазықбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
-БҰҰ жылдық ақшаны біздің бюджетке бір ретте аударатын болады. 2030 келесі ротациялау келесі ауысымнан бастап әрбір әскери қызметшінің өзіндік төлемақысы ай сайынөзіне түсетін болады. Ал техника мен мүліктерге арналған төлемақы тоқсан сайын мемлекет бюджетіне түседі.