Хабар телеарнасы

Астанада вокзалдан табылған бала нағашы әжесінің қамқорлығына берілді

Астананың ескі теміржол вокзалынан табылған үш жастағы бала нағашы әжесінің қамқорлығына берілді. Бұған кейуананың жазған өтініші мен ұсынған құжаттары негіз болған. Бұл туралы бізге қалалық білім басқармасынан хабарлады. Баланы әжейге табыстау «Неке және отбасы туралы» кодекстің 119-шы және 121-ші баптарына сәйкес жүргізілген. Ал көліктегі полиция департаменті бұл дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында әлі тергеу жүріп жатқанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың алғашқы күндері үш жастағы баланың теміржол вокзалында қалғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл жағдай көпшіліктің алаңдаушылығын туғызды. Кейін анасы табылды және ол бұрын психиатриялық диспансерлік есепте болғаны хабарланған болатын.