Сусын өндірушілер қосымша құн салығын талқылады
Алкогольсіз сусын мен шырын өндірушілер де бүгін қосылған құн салығына қатысты Астанада талқылау өткізді. Кәсіпкерлер қазіргі өндіріс пен баға тұрақтылығын сақтау жолдарын ортаға салды. Айтуларынша сусындар мен шырындар индустриясында соңғы жылдары өндіріс көлемі төмендеген. Ал импорттың үлесі керісінше 13,5% дейін өсіпті. Яғни бәсекелестік артып барады.
Әлия Мамытбаева, ҚР Алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілері қауымдастығының президенті:
-Алкогольсіз сусындар өте құбылмалы кәсіп түрі. Өйткені шикізатты сырттан аламыз. Сыртағы өндірушілермен бәскелеспіз. Енді жаңа салықтық бастамалар талқылануда. Ол бізге қалай әсер етеді? Соған егжей-тегжейлі талдау жасау қажет. Жалпы нарықтың ықтимал сын-қатерлерін қарастырудамыз. Саланың тұрақтылығын сақтауға және отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік беретін теңдестірілген шешімдер болса дейміз.