Хабар телеарнасы

Жеделсатыда зардап шеккен балаға екінші рет операция жасалуы мүмкін

Жеделсатыдағы шабуылдан зардап шеккен балаға екінші рет операция жасалуы мүмкін. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты екенін айтты. Оның беті екі рет тілінген, ернінің үсті мен мойнында ауыр жарасы бар. Қант диабетімен де ауырады екен. Сұмдық жағдайды бастан өткерген бүлдіршінге психологтар да көмек көрсетіп жатыр.