Хабар телеарнасы

Павлодар облысындағы пансионатта қарт адамдардың жәбір көргені анықталды

Павлодар облысындағы жекеменшік пансионаттардың бірінде тағы да қарт адамдардың жәбір көргені анықталды. Бұл жолы құзырлы орган Ақсу қаласында орналасқан пансионатқа тексеру жүргізген. Бюджеттен қаржыландырылатын мекемедегі бейнежазбаларды зерттеу кезінде жантүршігерлік оқиғаларды көрген. Қызметкерлер зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан. Қолдарын бұрап, күннің суығында далаға жалаңаш шығарып жіберген. Естеріңізге сала кетсек, дәл осындай жағдай бір ай бұрын Павлодар қаласындағы пансионатта тіркелген еді.

Әділет Әлмұхамбетов, Ақсу қаласы прокурорының орынбасары:

-Осы факт бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР Қылмыстық Кодексінің 110-бабының 2-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытқа барлық кінәлі тұлғалар анықталды.