Хабар телеарнасы

14-16 ақпан күндері Kaspi Жұма науқаны өтеді

Елімізде ақпанның 14-і мен 16-сы аралығында Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сатып алу науқаны өтеді.

Мерекеге толы Наурыз айына да небәрі санаулы күн қалды. Жақындарымызға сыйлық алатынымыз анық. Ал ел тұрғындары ең жақсы әрі тиімді тауарларды Kaspi Жұмада сатып алуға болатынын біледі. Тауар ұсынушылар болса, жаңа топтамаларын әзірлеп, қосымша жеңілдіктер мен бонустар ұсынады.

Мейрам Манап, «Манап» ағаш өңдеу кәсіпорнының директоры:

-Біздің компаниямыз осыдан 5 жыл бұрын пайда болды, нарықта. Бұрыннан келе жатқан ата дәстүріміз ғой ол жер үстел деген. Сондықтан сол ата дәстүрімізді тастамайық,- деп ұмытпайық деп осы столды жасауға бел буып, тәуекел етіп, жұмыс істеп келе жатырмыз. Kaspi Жұмаға дайынбыз. Столдарымыз көп мөлшерде бар. Кез келген түскен заказымызды қабылдап, жаңағы орап бәрін, апаруға дайынбыз.

Нұрсұлтан Оразалин, «Snimaks» гаджеттер дүкенінің әкімшісі:

-Kaspi Жұма негізі қазір мереке сияқты болып кетті бізге, өйткені сатып алушылар да, біз де бәріміз осы күнді күтудеміз.

Жеткізу қызметтері де Kaspi Жұмаға дайындалуда. Олар жұмыс күшін көбейтіп, процестерді автоматтандырып жатыр.

Шынар Жиенәліқызы, «Gias Logistics» курьерлік компаниясының атқарушы директоры:

-Біз Kaspi Жұманы асыға күтудеміз. толықтай дайынбыз. Біздің қоймамыз 2 есеге үлкейген. Осы Kaspi Жұмаға дайындық ретінде. Қосымша маман иелерін жұмысқа алдық. Біз қазір орталық хабта тұрмыз. Міне қараңыз бәрі автоматтандырылған. Бұл орталық хаб Kaspi-дің тауарларын, Қазақстанның барлық қалаларына жеткізеді.

Kaspi Жеткізу бүкіл ел аумағында 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың арасында жеткізушілер, жүргізушілер, сорттаушылар және басқа да қойма қызметкерлері бар. Осылайша, үш күн ішінде қазақстандық шағын бизнес өз кірісін бірнеше есеге арттырады. Бұл кәсіпкерлердің дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретіні анық.

Сонымен бүкілхалықтық тиімді сауда мерекесі ертең басталады. Хош иістер мен косметика, әшекейлер, киім мен аяқ киім, заманауи гаджеттер мен тұрмыстық техника яғни, әркім өзіне ұнайтын нәрсені табады. Kaspi Жұма 14-і, 15-і және 16 ақпанға дейін жалғасады.

Авторлары: Алуа Маханбет, Айдос Ентебеков