28 мың майдангер жайлы мәлімет табылды
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді іздеу. Соңғы бес жылда соғыс даласында із-түссіз жоғалған және қайда жерленгені белгісіз 28 мың майдангер жайлы мәлімет анықталды. Қазба нәтижесінде табылған 19 жауынгердің сүйегі елге жеткізіліп қайта жерленген. Белсенділер іздестіру жұмысына биыл да баруды жоспарлап отыр.
Соғысқа аттанып кейінгі өмірі беймәлім күйде қалған тағдырлар 270 мыңға жуық. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, осынша отандасымыз хабар-ошарсыз кеткен. Белсенділер былтыр Ресейдің Смоленск маңынан Қисым Адиевтің сүйегін тауып, елге жеткізген.
Әбубәкір Смайылов, Atamnyn Amanaty қоғамдық ұйымының өкілі:
-85 жастағы баласы тірі екен. Сонда ол өмір бойы әкесінің қайда жерленгенін білмей, беймәлім жағдайда болса, көзіне жас алып, енді өз қолымен жерлейтін болдым әкемді дейді. Қазба жұмыстарына келетін болсақ, солдат медальоны дейді, соны мойнына тағып жүретін болған. Немесе қалтасында құжаттары қалады солар арқылы біз табамыз.
Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:
- Біздің тарапымыздан сүйекті елге әкелуге арнайы ұшақтар бөлінеді. + Өтініш түсуіне байланысты әрдайым қолғабыс жасап елге әкеліп отырамыз. Соңғы 3-4 жылды алатын болсақ, 19 қазақстандық жауынгердің сүйегі елге әкелініп қара жердің қойнауына тапсырылды.
Аталмыш бірлестік 200 мыңнан астам жауынгерге қатысты деректерді әскери мұрағаттардан іздеп жатыр.
Әбубәкір Смайылов, Atamnyn Amanaty ҚБ Басқарма төрағасының орынбарасы:
- 271 мың адам із түссіз жоғалған. Біз сол адамдардың дерегін іздестірумен айналысып жатырмыз. Боздақтар іздеусіз қалмаса деген мақсатымыз сол. 28 мың із-түссіз жоғалған және жерленген адамдардың базасы жасалды.
Майданға қатысты деректер әр түрлі. Бірінде 1 млн 200 мың келесі мәліметтерде 1 млн 400 мың адам соғысқа аттанған. 600 мыңға жуық отандасымыз майдан даласынан оралмады.
Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Мұхаметәлі Тілдебаев