Жеделсатыда жарақат алған 5 жасар Батыр үйіне оралады

  • 863
  • 17.02.2025, 18:56

Жеделсатыда жасөспірімнің пышақпен шабуылынан жарақат алған 5 жастағы Батыр ертең үйіне шығады. Ал бүгін беті, ерніндегі және мойнындағы жарақат тігістерінің кейбірі алыныпты. Жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Гусейнов Юсуптың айтуынша, бала өзін белсенді ұстауда. Жалпы жағдайы оңалған. 

Медет Нұғманов, «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ директордың орынбасары:

-Баланың жалпы жағдайы жақсы. Шағымдар жоқ. Бүгін таңу жасалған кездегі жара тігістері жартылай алынды. Жараның қабыну белгілері жоқ.