Хабар телеарнасы

Каспий жағалауы қызыл түске боялды

Бұл жылда қайталанатын табиғи құбылыс болғанымен, экологтар теңіз суынан сынама алған. Зертханалық талдаулардың нәтижесінде ластаушы заттар анықталған жоқ. Мамандардың айтуынша, су түсінің өзгертуіне диатомды балдырлар себеп. Бір клеткалы организмдер қыс айлары белсенді түрде көбейеді. Сол себепті су бетінде қызыл түсті дақтар пайда болады. Каспий теңізінде балдырдың 25 түрі бар. 

Қайсар Нәдірбек, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

-Бұл құбылысты назардан тыс қалдырмай осы сынама алу, анализді талдама алу жұмыстарын жүргіздік. Ластаушы заттардың жоқтығы дегеніміз ол қоршаған ортаға, яғни Каспий теңізіне зиянды заттардың болмауы деп түсіндіріледі.